Талдықорғанда атыс қаруы мен оқ-дәрілер жасырылған орын табылды

Талдықорғанда атыс қаруы мен оқ-дәрілер жасырылған орын табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Талдықорғанда облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, Шығыс шағын ауданында қару жасырылған орынды тапты. Қару-жарақ қоймасы құқық қорғау органдарына келіп түскен жедел ақпаратқа сәйкес анықталды.

Сол жерде қарудың тұтас арсеналы – жиналмалы шүйде және екі оқжатарымен бірге Сайга-762 иір ойықты мылтық, 16 калибрлі тегіс ұңғылы шолақ мылтық, ИЖ 79-8 газ тапаншасы, сонымен қатар сақтандырғышы бар РГД-5 гранатасы және әртүрлі калибрлі патрондар тәркіленді. 

Дерек ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қару-жарақты, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша СДТБТ-да тіркеліп, ол бойынша тергеу баллистикалық сараптама тағайындалуымен қалалық полицияға тапсырылды.

Жасырын орыннан табылған қарудың қаңтар айындағы тәртіпсіздікте ұрланған қаруға қатысы бар-жоғы тергеу аясында анықталады.