Талдықорғанда ақбөкеннің мүйізін сатпақшы болған төрт адам ұсталды

Күдіктілер Ravon Nexia және Mazda көліктерімен жүрген. Ұстау кезінде үшеуі көліктердің бірінде жасырынуға тырысқан, деп хабарлады Полициа.

Алматы, NEGE. Ақбөкеннің 270 мүйізі тәркіленді. Ұсталғандар  1982-2000 ж. туылған  Алматы қаласы, Жамбыл және Алматы облыстарының тұрғындары екендігі анықталды. Барлығы облыстық ПД-не түсінік беру үшін жеткізілді.

ҚР ҚК-нің 339-бабының 2-бөлімінде “Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу” көзделген тергеу  амалдары басталды.