Талдықорғанда тұрғын үйде газ жарылып, жеті адам зардап шекті

Талдықорғанда екі қабатты тұрғын үйде табиғи газ жарылып, жеті адам зардап шекті, деп хабарлады Sputnik. 

Егемен Қазақстан

Алматы, NEGE. Қайғылы оқиға 31 желтоқсанға қараған түні болған.

"Сағат 07:20 шамасында Талдықорған қаласындағы ауруханаларға зардап шеккен 7 адам түсті. Оның екеуі облыстық ауруханаға, Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханаға 3 адам, облыстық балалар ауруханасына 2 адам түсті. Бүгінгі күні 4 адамның жағдайы тұрақталып, травматология бөліміне ауыстырылды", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Екі науқас жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр, жағдайлары өте ауыр. 52 жастағы науқас қайтыс болған. Полиция тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау, не қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Тергеу заңнамаға қатаң сәйкес жүргізіледі және оның шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. Бұл істі департамент басшылығы ерекше бақылауға алды", - дейді Жетісу облыстық полиция департаменті.

Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады