Талдықорғанда мешітке ұрлыққа түскен күдікті ұсталды

Талдықорғанда мешітте намаз кезінде аяқкиім ұрлаған азаматтың әрекеті бейнекамераға түсіп қалған.

aikyn.kz

Алматы, NEGE. Қалалық полиция қызметкерлері 29 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады, – деп хабарлады Aiqyn.kz.

"Күдіктіні бейнебақылау камераларының көмегімен анықтауға мүмкіндік туды. Ұсталған адам ұрлыққа қатысын жоққа шығармай, кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініп отыр", – деді Талдықорған қаласы Полиция басқармасының бастығы Ернар Ширбаев.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адамға қатысты келу туралы міндеттеме процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін