Талдықорған полицейлері мысықты қорлаған ер адамды ұстады

Ол 39 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Алматы, NEGE. 24 қаңтарда күдікті ұсталды. Ол  дүкенге жүгіріп кірген мысықты тек сыртқа шығарғысы келгенін түсіндірді. Бірақ жануар ер адамның қолын тырнап алған соң, осылайша  қатыгездік әрекеттер тудырғанын айтты. 

Қазір күдіктіге ҚР ҚК 316-бабында “Жануарларға қатыгездікпен қарау“ көзделген жауапкершілік төніп тұр. Сотқа дейінгі тергеу іс жүзінде бақылауға алынды.