Талдықорған мен Текеліде жер сілкінді

Алматы облысындп жер дүмпуі тіркелді.

Алматы, NEGE. ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 24 наурыз күні Алматы уақыты бойынша 13 сағат 03 мин 03 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 249 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 11.2. MPV магнитудасы –5.2. Тереңдігі – 15 шақырым.

Талдықорған, Текелі қалаларында 2-3 балдық жер сілкінісі сезілді.