Талдықорған қаласында қарумен жүрген ер адам анықталды

Бұл бала кезінен психикалық аурумен ауыратын, ресми түрде арнайы медициналық есепте  тұрған 35- жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Алматы, NEGE. Ер адам қарт әкесімен бірге тұрады. Оның қолындағы тапанша ешқандай қауіп төндірмейтін қарапайым сувенирлік  оттық болып шықты.

Тұрғылықты жері бойынша учаскелік полиция инспекторы жедел жәрдем бригадасын шақырып, ер адамды қалалық психиатриялық диспансерге  орналастырды.