Талдықорған әкімдігінің бөлім басшысына қатысты даулы видео жарияланды

Талдықорған қалалық әкімдігінің бөлім басшысына қатысты даулы видео жарияланды. Бейнежазбаны түсіріп тұрған автор әйелді ұрып жатқан шенеунік екенін айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Талдықорған, NEGE. Сондай-ақ видеода ішімдік ішкен шенеунікті полиция қызметкерлері тоқтатып, арнайы сараптамаға апарғаны көрсетіледі. Сонымен қатар, түн ортасында караокелердің бірінде мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік көлікпен жүргені анық түсірілген. Оның ішінде Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары да бар. Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі даулы видеоға қатысты қызметтік тексеру басталғанын хабарлады. Оқиғаға қатысты қосымша мәлімет жариялайтындарын жеткізді. Видеода әйелді ұрған ер адамның Талдықорған қалалық әкімдігінің бөлім басшысы екенін растады.

Қазір оқып жатыр

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Омаровтың анасына тиесілі зауыт аумағындағы өрттің алдын ала себебі анықталды