Талас ауданында балаларды ұрып-соғу ісі ІІМ басшысының жеке бақылауында

Ішкі істер министрі Ержан Саденов Жамбыл облысы Талас ауданында екі кәмелетке толмаған баланы жүйелі түрде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық істі жеке бақылауына алды. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Шыңғыс Алекешев хабарлады.

Полиция

Алматы, NEGE. «Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жәбірленуші балаларға қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетілуде. Сонымен қатар жергілікті полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру басталды. Ішкі істер министрі бұл істі жеке бақылауына алды», – деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында.

ІІМ-де балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрі қатаң түрде тоқтатылып, кінәлілер заң аясында жауапкершілікке тартылатыны атап өтілді.

Қазір оқып жатыр

Берлинде «Ресей пайдасына тыңшылық жасаған» Қазақстан азаматы ұсталды

Вадим Борейконың зейнетақы түсетін банк шотын неге бұғаттап тастаған

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті