Талапкерлерден бірінші күні 14 мыңға жуық құжат қабылданды

Ғылым және жоғары білім министрлігі қабылдау комиссияларының бүгін де жұмыстарын жалғастырып жатқанын хабарлады, деп жазды  kazinform.

видеодан кадр

Алматы, NEGE. Бірінші күні 14 мыңға жуық құжат қабылданды.

Тағы да естеріңізге сала кетеміз, құжаттарды қабылдау:

  • еGov арқылы онлайн форматта;
  • ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асырылады;
  • Сонымен қатар, жоғары оқу орындарында виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейді.

Құжаттарды кез келген ЖОО (орналасқан жері бойынша) арқылы тапсыруға болады.

Атап өтсек, отандық ЖОО-ларға оқуға түсу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын; 3х4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом), сондай-ақ, жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?