Такси жүргізушісі тұрғындарды 1,5 миллион теңгеге алдап кеткен
Шымкентте такси жүргізушісі алаяқтық жасады деп айыпталды. Ол өз жолаушыларына мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып беруге көмектесетінін айтқан.
Алматы, NEGE. Өз көмегін ол 100 мың мен 500 мың теңге аралығында бағалаған. Алаяқтың сөзіне сенген 7 азамат такси жүргізушісіне 1 миллион 585 мың теңге берген. Өздерінің алданғанын білген олар бірден полицияға арыз түсірген. Полиция тұрғындардан жауап алып, ақша аударымдары туралы чектерді тексерген. Күдіктінің аты-жөні анықталған соң бірден қолға түсті.
Алаяқтық жасаған такси жүргізушісіне 4 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.