28 августа 2024 г. 16:11

Тақ мұрагері: Тәжік президентінің балалары қандай қызметте?

Фото: NEGE

Nege kz. ақпараттық-сараптамалық порталы «Президенттер портреті» айдарымен материалдар тізбегін беруді жалғастырып келеді. Жақында жарияланған кезекті мақала Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жайлы болды.

Онда жастық шағы, істеген кәсібі мен қызметі, өсу жолы қызықты деректермен толығырақ келтірілген. Оның президент болу оқиғасы, алғашқы бес-он жылында соғыстан көз ашпағаны жайлы да өте тұщымды мәліметтер бар.

Тәжікстан президенті де Назарбаев, Каримов, Лукашенко, Путин сынды билікте ұзақ отырған адамдардың бірі.