Тайсон неге жылады?

Донецкінің «Шахтер» командасы мен Киевтің «Динамосы» кездесуінде бразилиялық легионер, шахтерлік жартылай қорғаушы Тайсон Барселлос Фреданы төреші ойыннан қуды.

Алматы, NEGE. Ойын кезінде «Динамоның» жанкүйерлері Тайсонды мазақтап, оның ұлттық-нәсілдік намысына тиетін сөздерді айғайлап айтқан. Төреші тарапынан тыйым болмағаннан соң, Тайсон допты трибунаға қарай қақырата теуіп жібереді де, өзін келемеждеген көрермендерге жауап ретінде саусағын безеп доқ көрсетеді. Сол сәт төреші ойынды бірнеше минутқа тоқтатып, Тайсонға қызыл қағаз көрсетеді де, алаңнан қуады. Әділетсіздікке шыдай алмаған Тайсон футбол алаңын тастап шыққанда көзіне еріксіз жас алыпты...

Өзінің көз жасын Тайсон «шарасыздық пен әділетсіздіктен туындаған наразылық көңіл-күй» деп түсіндірді. Бұл ойында «Шахтер» командасы «Динамоны» 1:0 есебімен ұтты.

2015 жылы киевтік «Динамо» ағылшынның «Челси» командасымен кездескенде, оның жанкүйерлері қара нәсілді 4 жанкүйерді сабап тастағаны үшін жазаға тартылған еді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр