Тайсон карьерасын аяқтайтынын айтты

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) нұсқасы бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы Тайсон Фьюри Лондондағы 'Уэмбли' стадионында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде отандасы Диллиан Уайтты жеңгеннен кейін карьерасын аяқтайтынын айтты.

Алматы, NEGE. "Әйеліме 14 жылдан кейін рингке оралмаймын деп уәде бердім. Жанкүйерлерім, сіздерді жақсы көремін. Сіздерге көп-көп рақмет! Маған сіздердің алдарыңызда "Уэмблиде" күресу ұнады. Ұлыбританияға жылы қабылдағаны үшін рақмет", - деді Фьюри жекпе-жектен кейін.

33 жастағы Фьюри кәсіби карьерасындағы 33 жекпе-жекте 32 мәрте жеңіске жеткен және екінші рет WBC титулын сәтті қорғады.