Таиландта төтенше жағдай режимі ұзартылады

Таиландта коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі жаздың соңына дейін ұзартылады.

Алматы, NEGE. Бұл туралы елдің премьер-министрі хабарлады. Еске сала кетейік, елдегі төтенше жағдай осымен төртінші рет ұзартылып отыр. Алғаш рет ол наурызда енгізілген. Елде 3 мыңнан астам азаматтан қауіпті вирус табылып, 58 адам көз жұмды.