Таиландта екпе салдырған туристер үшін 5 бағыт ашылады

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған шетелдік туристер 1 қазаннан бастап Таиланд астанасы Бангкок пен жақын маңдағы 4 провинцияға бара алады.

Алматы, NEGE. Екпе қабылдаған демалушылар енді карантиннан босатылады. Негізі тамыздың аяғында билік елдегі тағы 2 танымал туристік бағытты ашқан болатын. Ол кезде де тек вакцина алған азаматтар карантиннен босатылған еді. Соның арқасында экономикаға 52 миллион доллар пайда түскен екен. Жалпы Таиландқа Файзер-Байонтек, Модерна, Джонсон энд Джонсон, Синофарм препараттарымен қатар ресейлік «Спутник Ви» екпесін салдырған туристерге келуге рұқсат етілген.  

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді