Таиландта да атыс
Таиландтағы атыстан 17 адам қаза тапты: сарбаз тағы 16 адамды кепілге алған
Алматы, NEGE. Thai Rath басылымы тайдың Накхон Ратчасима қаласында көшедегілерге оқ атқан атқыш бейнеленген деген видео жариялады. Ол құрлық әскерінің аға сержанты екен. Бейне жазбадан қару ұстаған адамның сауда орталығының ішінде жүргені көрінеді.
Тай армиясының әскери бөліміне қызмет ететін сарбаз бөлімнің автомобилін айдап әкетіп, қала орталығына барған. Мұнда ол көлігімен жүріп көшедегілерге оқ атқан. Оқиғадан 17 адам қаза тапқан, тағы 16 адамды ол кепілде ұстап отыр. БАҚ мәліметінше, қаскөй сауда орталықтарының бірінде жасырынған. Ол өз шабуылын Facebook желісінде тікелей эфирде көрсеткен, кейін оның аккаунты бұғатталған. Бұған дейін атыстан кем дегенде 12 адамның қаза болғаны хабарланған.