2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Таиландта полиция тікұшағы тағы апатқа ұшырады

Таиландтың батысында полиция тікұшағы апатқа ұшырап, үш адам қаза тапты, деп хабарлады Anadolu Ajansı. 

Anadolu Ajansı

Алматы, NEGE. Bangkok Post газетінің хабарлауынша, бортында төрт адам болған тікұшақ Прачуапкхирикхан провинциясының Муанг ауданында апатқа ұшыраған.

Биліктің мәліметінше, үш адам қаза тауып, біреуі тікұшақ құлағанға дейін парашютпен секіріп үлгерген.

Тірі қалған адамның жағдайы және оның орналасқан жері әлі белгісіз.

Апат фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.