Таиландта қазақстандық азамат жол апатынан қаза тапты

Пхукетте Қазақстан азаматы жол апатына ұшырап, қаза тапты.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Оқиға 1 сәуірде түнгі 00:45 шамасында болған. Ер адам Bypass Rd тасжолында жоғары жылдамдықпен келе жатып,  мотоциклді басқара алмай бағанаға соғылған. Ол ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған.

Kusoldharm қорының құтқарушылары ұялы телефонының экранында орыс тілінде жазбалар тұрған соң бастапқыда оны Ресей азаматы болуы мүмкін деп шамалаған. Алайда кейіннен оның Қазақстан азаматы екені белгілі болды.

Оның Таиландта тұрып, жұмыс істегені анықталды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаев дүние салды

Атырау полициясының бастығы қамауға алынды

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді