Таиланд саяхатшыларды вакциналау талаптарын қайта күшейтті

2023 жылдың 9 қаңтарынан бастап Таиландқа баратын 18 жастан асқан жолаушылар кемінде екі доза мөлшерінде толық вакцинацилау туралы анықтаманы (вакциналау паспортын) көрсетуі тиіс. Бұл туралы Air Astana әуе компаниясы құлағдар етті.

Алматы, NEGE. Вакцинаның екінші компоненті Таиландтқа келіп жеткенге дейін кемінде 14 күн ішінде алынуы тиіс. Немесе соңғы алты айдан кешіктірмей (180 күн) алынған коронавирустан айығуды растайтын дәрігерден анықтаманы немесе вакциналаудан босату туралы хат-негіздемені көрсетуі қажет.

Ал вакцина алмаған жолаушы дәрігердің түсініктеме хатын ұсынуы керек. Сонымен қатар, жолаушылардың 5%-ы ұшып келген кезде ПТР тестін іріктеу арқылы тапсырады.