Тағы да карантин жарияланды

Италияда қайтадан карантин енгізілді, деп хабарлайды Хабар-24.

Алматы, NEGE. Шектеу шараларын премьер-министр Марио Драги жариялады. Соңғы бір жарым айдың ішінде коронавирус қатты өршіп, күніне 25 мың адам індет жұқтырған. Осыған  байланысты 15 наурыздан бастап дүкендер, мейрамханалар мен мектептер жабылады. Науқастар тек Сардиния аралында ғана аз тіркелген.

Локдаун сәуірдің 3-і мен 5-і аралығында да күшінде болады. Себебі бұл кезде елде католиктердің Пасха діни мейрамы тойланады. Естеріңізге сала кетейік, Италия Еуропаға алғаш рет жаппай карантин енгізген болатын.

Қазір оқып жатыр

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Омаровтың анасына тиесілі зауыт аумағындағы өрттің алдын ала себебі анықталды