Тағы да газ баллоны жарылды

Елордадағы тамақтану орнында тағы да газ баллоны жарылды.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Елордадағы тамақтану орнында тағы да газ баллоны жарылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Оқыс оқиға Байтұрсынов көшесінің бойындағы контейнерде болған. Жеке нысан асхана ретінде жабдықталған. Өрт түнгі 22:00 шамасында шықты және 150 шаршы метр аумақты шарпыған. Бұған қоса, контейнер жанындағы ағаш құрылғылар да отқа оранды. Оны ауыздықтау үшін 4 техника мен жеке құрамнан 23 адам жұмыс істеді. Өрт сөндірушілердің күшімен тағы 4 газ баллоны шығарылды. Қазір оқыс оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Желтоқсан қатысушыларын балағаттаған алматылық әйелге қатысты іс қозғалды

Ақтауда өзіне қол салды деген келіншектің өлімін қайта тергейді

Назарбаевтың тоқалы Әсел Исабаева көпшілік алдына қайта шыға бастады

Астанадағы MEGA Garden маңынан пәтер алу қаншалық тиімді?