24 января 2020 г. 14:52

Тағы бір шымкенттік шенеунік құрықталды

Фото:
Шымкент қаласының

Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасы басшысының орынбасары пара алды деген күдікпен құрықталды. Бұл туралы облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне хабарлайды.

Алматы, NEGE. Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасы» ММ басшысының орынбасарына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысы жүргізілді. Ол «Hyundai Wacortec Life» ЖШС өкілінен үй-жайды жалға беру бойынша заңсыз әрекеттері үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деген күдікке ілінген. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аяқталып, қылмыстық істі сотқа жолдау жоспарлануда. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.

Тегтер: