Тағы бір шенеунік тұтқындалды
«ҚазАгро» холдингіне қарасты «Аграрлық несие корпораиясы» АҚ-ның басқарушы директорының тұтылғанын антикоррупциялық қызмет мәлімдеді, - деп хабарлайды ҚазТАГ ақпарат агенттігі.
Алматы, NEGE. «Антикоррупциялық қызмет Ауылшаруашылық министрлігі жанындағы «ҚазАгро» холдингіне қарасты «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның басқарушы директоры және басқарма мүшесінің үстінен сот алды тергеу амалдарын бастады. Ол мемлекеттік міндеттерді атқарушы тұлғаға теңестірілген мәртебеге ие бола отырып, сенімге кіру және алдау мақсатында «Интер-Агро» және «ИнтерАгроТрейд» ЖШС-ларының басшысы әрі құрылтайшысына тиесілі құны 200 мың АҚШ долларына сәйкес Ақтөбе облысында орналасқан диірменді өз міндетіне жатпайтын заңсыз келісім-шарт жасасу арқылы 20 миллион теңгені қолды еткен. Күдікті қазір Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің уақытша оқшаулау изоляторына қамалды» деп хабарланған мәлімдемеде.