20 августа 2022 г. 17:57
Тағы бір сарбаз өзіне қол жұмсады
Алдын ала ақпарат бойынша, сарбаз әскер қатарына Атыраудан шақырылған.
Алматы, NEGE. Қайғылы оқиға 19 тамыз күні түнде Жамбыл облысында орналасқан Шөлдала шекара заставасында орын алған.
Күні кеше ғана Атыраудағы шекара заставасында Ақтаудан шақырылған сарбаздың мерт болғанын жазған болатынбыз. Өкінішке орай, армия қатарында жүрген сарбаздар өлімі азаймай тұр.
Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскердегі сарбаз өлімінің көбеюіне байланысты Қорғаныс министрлігін сынға алып, міндеттер жүктеген болатын.