Тағы бір облыс «қызыл» аймақтан шықты
Батыс Қазақстан облысы «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті.
Алматы, NEGE. 2022 жылғы 13 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы мынадай:
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды,Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
"Сары" аймақта: Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
"Жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.