Тағы бір облыс «қызыл» аймаққа өтті
15 шілдедегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
Алматы, NEGE. Қазіргі уақытта «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. «Сары» аймақта Алматы және Жамбыл облыстары тұр. «Жасыл» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.