Тағы бір облыс «қызыл» аймаққа өтті
2021 жылғы 11 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
Алматы, NEGE. Қостанай облысы «қызыл» аймаққа өтті. «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары.
«Сары» аймақта: Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары. «Жасыл» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.