Тағы бір департамент басшысы сотталуда

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет пен өнер істері жөніндегі департамент басшысы аса ірі көлемде қаржы жымқыру күдігіне ілікті.

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Департамент басшысы көрсетілген қызметтер құны асыра көрсетілген актілерге қол қою және қазақстандық контенттегі кинематографияны мемлекеттік қаржыландыру үшін қаржыны негізсіз аудару арқылы бюджет қаражатын ірі сомада ысырап етті деген күдікке ілікті.

«Тергеу амалдары жалғасуда. Күдіктіге қатысты соңғы шешімді сот шығарады» делінген таратылған мәліметте.

Қазір оқып жатыр

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді