6 февраля 2020 г. 12:02
Тағы бір Ақаев өмірден өтті
Бүгін таң алдында қырғызстандық БАҚ елдің тұңғыш президенті Асқар Ақаевтың ұлы қайтыс болғанын жарыса жазды.
Алматы, NEGE. 44 жастағы Айдар Ақаевтың жүрегі тоқтап қалғаны жайлы хабар жаһандық БАҚ-ты да бей-жай қалдырған жоқ. Бір кездері Жоғарғы Кеңеске түсіп, депутаттық мандат алған кіші Ақаев қудалаудан кейін Ресейге барып, бизнесмен атанған-ды.
Осы ақпар тарап жатқанда Асқар Ақаевтың інісі де көз жұмды деген мәлімет жетті.
Қырғызстанның akipress.org сайтының жазуынша, қайтыс болған Кубан Ақаев екен. Кубан Асқар Ақаевтың ағасының ұлы. 59 жастағы Кубан ауырып көз жұмған.