Тағы 5 ЖОО лицензиясы тоқтатылмақ

Білім және ғылым министрлігі қосымша тексеру жұмыстарын жүргізе келе, 5 жоғары оқу орнының лицензиясын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы, NEGE. «Біз бұған дейін, елімізде 5 ЖОО лицензиясының уақытша тоқтатылғанын хабарлаған болатынбыз. Бүгінде ЖОО-на қосымша тексеру жұмыстарын жүргізудеміз, соның нәтижесінде тағы 5 ЖОО-ның лицензиясын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдадық. Шешіммен келіспейтін ЖОО-ның заң бойынша шағымдануға 10 күн уақыты бар. Егер шағым түспесе немесе шағымданған жағдайдың өзінде сот шешімді өзгертпесе біз олардың атауларын жариялай аламыз. Жалпы ЖОО бойынша проблемалар жеткілікті. Анықталғандай, 1 курсқа 5 студент қабылданса, 4 курсты 150 студент бітіріп шығады. Демек 2,3 курстарда жауапсыз университеттер оқудан шығып қалған студенттерді қабылдайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз ЖОО-на деген талапты күшейттік және жоғары білім беру саласын реттеудің жаңа механизмдері енгізілетін болады», – деді Асхат Аймағамбетов министрлікте өткен баспасөз мәслихатында. Еске салсақ, бұған дейін біз 5 университеттің лицензиясы бір айға тоқтатылғаны туралы жаздық. Сонымен қатар, Қазақ-орыс халықаралық университеті мен «Астана» университеті лицензияларынан айырылуы мүмкін екендігін хабарлаған болатынбыз. Білім министрлігі алты ЖОО-дан б ұзушылықтар анықтады. Сондай-ақ, кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев диплом тарататын конторға айналған ЖОО-ларға қатал шаралар қабылдануы тиіс деген еді. 

Қазір оқып жатыр

Түркістанда фельдшерлердің мәселесін көтерген азамат психиатриялық есепке заңсыз қойылған ба?

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды

Польшада қазақстандық әйел қаза тапты

Трамп Ресей мұнайына салынған санкцияларды уақытша алып тастады