Тағы бір форум өтпейтін болды

25-26 сәуірге жоспарланған Қазақстан машина жасаушыларының ХІІ форумы өтпейтін болды.

kmfexpo.kz

Алматы, NEGE. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ауқымды су тасқынына байланысты 25-26 сәуірге жоспарланған Қазақстан машина жасаушыларының ХІІ форумын өткізбейтін болды.

Министрліктің хабарлауынша, форум 2025 жылға ауыстырылады.

«Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, министрлік зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлерді қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды үйлестіру және жүзеге асыру жөніндегі жауапты орган болып тағайындалды. Министрлік іс-шараға қызығушылық танытқаны үшін шынайы алғысын білдіреді және оның тоқтатылуына байланысты туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды», - деп хабарланды министрлік сайтында.