Тағы бір елде TikTok-қа тыйым салынды

Албанияда TikTok-қа уақытша тыйым салды, деп хабарлайды 24kz.

Pinterest.com

Алматы, NEGE. Негізі мұндай шешім былтыр қарашада қабылданған, бірақ ол енді ғана іске асып отыр. Билік осы әлеуметтік желі бетінде зорлық-зомбылық әрекеттерінің күшейгенін айтады. Қысым, әсіресе, балалар мен жасөспірімдер арасында көбейген. Мектептердің бірінде ТикТок-та керіскен оқушы екіншісін пышақ сұғып өлтірген.

Елдің Білім министрлігі әлеуметтік желі өкілдерімен балаларға ата-ана тарапынан бақылау орнату мүмкіндігін қарастыруды тапсырған.

Осы іске байланысты Албанияда ТикТокты пайдалануға 1 жылға шектеу қойылды.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр