Таеквондошы Жансель Дениз халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстандық таеквондошы Жансель Дениз халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Атырау облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы.

Алматы, NEGE.  16-17 қазанда Черногорияның астанасы – Подгорицада «Montenegro Podgorica Open 2021» халықаралық турнирі өткен.

«Халықаралық G-1 деңгейіндегі рейтинг турниріне әлем елдерінен 200-ден астам спортшы қатысты. Қазақстанның намысын қорғаған таеквондошылар қатарында Жансель Дениз де бар. Ол жарысты екінші айналымнан бастап, 73 келіге дейінгі салмақта бақ сынады. Алдымен Молдова, кейін Бразилия споршысын қапы қалдырды. Ақтық сында Түркия таеквондошысымен кездесті. Қосымша раундта қарсыласын 2:0 есебімен жеңген отандасымыз турнирдің жеңімпазы атанып, алтын медальды иеленді», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, қыркүйек айының соңында Жансель Дениз Түркияда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанған болатын.

 

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды