Таеквондошы Теміржан Тасқын әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық таеквондошы Теміржан Тасқын Оңтүстік Кореяның Чунчхон қаласында өтіп жатқан таеквондодан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

ҰОК

Алматы, NEGE. Спортшы 48 келіге дейінгі салмақта үшінші орынды иеленді.

Турнирде алтын жүлдені ирандық спортшы Мехди Размиян қанжығасына байлады. Ал екінші орын испаниялық Хайро Тригосқа бұйырды. Тағы бір «қоланы» Өзбекстаннан келген Бехруз Салимов алды.

Айта кетелік, Қазақстан командасының қоржынында қазіргі таңда үш медаль бар. Бұған дейін Нұрай Қазнабек (59 келіге дейінгі салмақ) пен Нұрали Махмұт (55 келіге дейінгі салмақта) күміс жүлдегер атанған болатын.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді