Таеквондошы Самирхон Абабакиров Парижде Олимпиада чемпионына есе жіберді

Таеквондодан Қазақстан командасының мүшесі Самирхон Абабакиров Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жекте жеңіліс тапты, деп жазады Olympic.kz.

Сали Сабиров

Алматы, NEGE. Ерлер арасында 58 келі салмақта сынға түскен Абабакиров алғашқы айналымда Олимпиада чемпионы, италиялық Вито Дел'Акилаға қарсы шыққан болатын.

Алғашқы кезеңде 12:6 есебімен басымдық танытқан Самирхон соңғы екі кезеңде қарсыласқа есе жіберіп алды.

Айта кетелік, бұл қазақстандық таеквондошының алғашқы Олимпиадасы. Ол өз мансабындағы тұңғыш ойында Олимпиада чемпионынан қаймыққан жоқ.

Енді ол қарсыласының финалға жетуін күтеді. Егер италиялық спортшы ақтық сынға жетсе, Самирхон Абабакиров жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алады.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?