Таеквондошы Айым Серікбаева жасөспірімдер Азиадасында алтын медальға ие болды

Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Айым Серікбаева Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында ел қоржынына екінші алтынды салды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Отандасымыз 44 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеді.

Финалда Серікбаева вьетнамдық Хуэн Хоанды 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде екі алтын медаль бар. Бұған дейін алғашқы алтын медальді велошабандоздар аралас эстафетада жеңіп алған болатын.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?