Таеквондодан Қазақстан әйелдер құрамасы Fajr Open турнирінде үшінші орын алды

Қазақстанның таеквондодан әйелдер құрамасы 32-ші Fajr Open халықаралық турнирінің жеңімпаздары үштігіне енді, деп хабарлайды Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметі.

Астана, NEGE. Қазақстан еншісінде бір күміс, бір қола медаль. Олар Жансель Дениз (73 келіге дейін) бен Әмина Нұрғазықызына (62 келіге дейін) тиесілі.

Жарыстың екінші күні төрт спортшымыздың екеуі ширек финалға шықты: Мария Севостьянова (57 келіге дейін) мен Айгүл Елубай (73 келіден жоғары), бірақ екеуі де жартылай финал жолдамасын ала алған жоқ.

Нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленді.

Бірінші орында Иран, екінші орында Өзбекстан спортшылары тұрақтады.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды