7 июля 2025 г. 18:47
Таеквондодан Қазақстан ерлер құрамасы әлем кубогында қола жүлде еншіледі
Бүгін Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында басталған таеквондодан командалық әлем кубогында Қазақстан ерлер құрамасы үшінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алматы, NEGE. Жүлде үшін айқаста отандастарымыз Марокко спортшыларынан басым түсті (2-1). Команда сапында Бекасыл Ергеш, Абдрахман Марипов, Мерген Ғаниев, Нұрбек Ғазез сынға түсті.
Айта кетейік, іріктеуде Қазақстан Үндістанды ұтқан. Ал жартылай финалда Оңтүстік Кореяға есе жіберді (1-2).
Осылайша, ерлер командасы жылдың аяғында өтетін әлем кубогына жолдама алды.
Енді ертең әйелдер арасындағы командалық сайыс өтеді.