Таеквондо: Ұлттық құрамасының бас бапкері ауысты

Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері ауысты.

Алматы, NEGE. ҚР Ұлттық олимпиада комитетінен мәлім еткендей, Ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне Батырбек Еставлетов келді.

Сондай-ақ Серік Палмағамбетов мемлекеттік жаттықтырушы қызметіне кірісті. Батырбек Еставлетов осыған дейін таеквондодан Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарған.

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 1997-2007 жылдар аралығында ҚР чемпионы және ҚР Кубогы иегері, Жазғы спартакиада жеңімпазы, Азия чемпионатының және бірқатар халықаралық турнир жүлдегері.