Табыт ішіндегі ірімшік

Контрабандист Ресей мен Қазақстан шекарасынан ірімшікті табытқа жасырып өтпек болған.

Алматы, NEGE. Шекара қызметкерлері контрабандалық жүкті 15 шілдеде анықтаған. Челябинсктен Қостанай облысындағы Федоровка ауданына табытты апара жатқан көліктің ішінен жасырын жер анықталған. Ол жерде қазақстандық 550 келі «Косичка» ірімшігін тығып қойған. 

Ал 16 шілдеде тағы бір қазақстандық Қостанай облысына ыдыс жууға арналған құралдың қорабының артына 2,3 тонна шұжық жасырып өтпек болған. 

«Олардың ветеринарлық құжаты болмады. Одан бөлек, көлікте тез бүлінетін жүктерді тасымалдау үшін жағдай жасалмаған. Айта кетейік, ол күндері Челябинсктегі ауа температурасы 38 градус болған, сондықтан ірімшік пен шұжықты тоңазытқыш камерасыз көлікте тасу міндетті тәртіптің бұзылуын білдіріп қана қоймай, азық-түліктің тез бұзылуына әкеліп соғады», –делінген хабарламада. 

Контрабандистер РФ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 10.8-бабының 2-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді

Қазақстандық салымшы зейнетақы шотынан ақшасы жоғалып кеткенін айтып, шағымданды

Тоқаев боксшы Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті жеңісімен құттықтады

Түркістан облысында тұрғындар Қызыл кітапқа енген қызғалдақты көлікпен таптаған