Табысын сыртқа заңсыз әкететіндерге қарсы заң шығарылады

Парламент мәжілісінің депутаттары қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер енгізіп, жаңа жаза түрлерін белгілейді. Қорытынды жылдың соңына дейін дайындалады, деп жазады inbusiness.kz.

Астана, NEGE.  "Заң жобалары Парламент Мәжілісіне Парламент депутаттарының бастамасы бойынша 2022 жылғы 23 мамырда енгізілді. Олар кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс – қимылдың ұлттық жүйесін жақсарту, FATF – ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының халықаралық стандарттарын іске асыру мақсатында әзірленді", - деді депутат Марат Құсайынов.