Табысы жоқ жастарға несие беруге шектеу енгізіледі

Қазақстанда табыс көзін көрсететін құжатсыз жастарға несие беруге тыйым салынбақ. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Алматы, NEGE. «Несие беру кезінде банк қарызды кімдер алып жатқанына қарауы керек. Онда тиісті тармақ ескерілген. 21-ге толмаған адам онлайн-кередит алу кезінде оны қай табыс көзі арқылы өтейтінін көрсетуі керек. Қазір ақшасы мен жалақысы болмаса да, бірнеше несие алып жатқан студенттер көп. Әрине, табыс көзі болмаса, несиені өтей алмайтыны түсінікті жағдай», - деді Б. Бейсенғалиев агенттік тілшісінің сұрақтарына жауап бере отырып.

Депутаттың айтуынша, студенттер бір несие алып, екіншісін жабуға пайдаланады.

«Бір несие алып, онымен екіншісін жауып тастайды. Осылай қарыздары жинақтала береді. Бұған жол бермеу үшін тиісті шектеу қарастырылған. Кірісті растайтын құжатсыз 21 жасқа толмаған адамға несие беруге тыйым салынады», — деп түсіндірді Берік Бейсенғалиев.

Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы енгізілді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді