Табиғатқа зиян тигізгендер қомақты айыппұл төлейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатқа зиянын тигізген заңбұзушыларға салынатын айыппұл құнын ұлғайтуды тапсырды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті.

Алматы, NEGE. «Бүгін мен Мемлекет басшысымен сөйлестім. Президент табиғатқа зиянын тигізген заң бұзушыларға қатысты жауапкершілікті күшейтуді және айыппұл құнын ұлғайту жағын қарастыруды тапсырды. Тек біздің бірлескен күш-жігеріміз ғана еліміздің бірегей табиғи байлығын сақтауға көмектеседі. Сондықтан журналистерге, блогерлерге, экологтарға, қоғам қайраткерлеріне, қоршаған ортамыздың немқұрайлы қарамайтындарға айтарым: барлығымыз бірігіп, өзіміз жол көрсетіп, әрбір қазақстандықты табиғатты құрметтеуге, оған қамқорлық жасауға үйретейік», – деді Мағзұм Мырзағалиев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министр қазақстандықтарға осындай ұран тастау керектігін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді

Қазақстандық салымшы зейнетақы шотынан ақшасы жоғалып кеткенін айтып, шағымданды

Тоқаев боксшы Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті жеңісімен құттықтады

Түркістан облысында тұрғындар Қызыл кітапқа енген қызғалдақты көлікпен таптаған