«Сіз салық декларациясын тапсырмағансыз» — Алаяқтар халықты алдаудың жаңа әдісіне көшті

Полиция азаматтарды жаңа алаяқтық тәсілінен сақ болуға шақырады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Алаяқтар азаматтарға қоңырау шалып, өздерін мемлекеттік органның қызметкері ретінде таныстырады.

Олар «Сіз салық декларациясын уақытында тапсырмағансыз» деп сендіреді. Осылайша, банк шоттарыңыз бұғатталуы мүмкін екенін айтып қорқытады. Мәселені үш күн ішінде «шешу қажет» деген сылтаумен қысым көрсетеді.

«Жеке басыңызды растау керек» деп азаматтардан SMS арқылы келген кодты сұрайды. Осы кодты алған соң, алаяқтар банктік шоттарға қол жеткізіп, қаражатты заңсыз иемденеді.

Ескерту:

– Мемлекеттік орган қызметкерлері мұндай мәселемен қоңырау шалмайды және ешқашан SMS-кодтар мен растау деректерін сұрамайды;

– Ешқашан бөгде адамдарға SMS-кодтарды, банк картасының нөмірі мен паролін, жеке мәліметтерді бермеңіз;

– Егер күдік тудыратын қоңырау алсаңыз, әңгімені дереу тоқтатып, «102» нөмірі арқылы полицияға хабарласыңыз.

Қазір оқып жатыр

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты