Сюцайшы Жанат Қожамжаров лицензиясынан айырылды

Өзін «Сюцай мектебінің негізін қалаушымын» деп таныстыратын Жанат Қожамжаровтың Syucai Training Institute ұйымы лицензиясының күші жойылды.

instagram.com/zhanat.online2

Астана, NEGE. Бұл жөнінде экономист Олжас Құдайбергенов хабарлады.

Оның мәлімдеуінше, Жанат Қожамжаров Біріккен Араб Әмірліктерінде Syucai Training Institute ұйымын құрып, ісін заңдастырмақ болған. БАӘ-де тренингтік қызметке лицензия берілетіндіктен, бұл оған сюцайдың БАӘ-де мақұлданғанын айтып, жұртты алдауға мүмкіндік берген.

«Алайда біздің өтінішімізден кейін ол лицензиясынан айырылды, қазір сайттан Syucai Training Institute туралы ақпарат таба алмайсыз. Осыған байланысты зардап шеккендердің барлығы ақшасын қайтаруды талап ете алады. Тренингке қатысқаныңызды растайтын бейнежазба немесе фото жеткілікті – сол арқылы қаражатты қайтаруды талап етуге болады. Егер ақша қайтарылмаса, БАӘ заңдарына сәйкес құрылтайшы (Жанат) мен директорына (оның жұбайы) қатысты қосымша қылмыстық қудалау қолданылуы мүмкін», – деп жазды ол.

Құдайбергенов сюцайшыдан ақшасын қайтарып алғысы келетіндер оған көмек сұрап жүгіне алатынын атап өткен.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ

Алимент төлеуден жалтарғандарға көмектесетін компаниялар тексеріске ілігеді

Мәжіліс Президент пен Құрылтай туралы заң жобаларын жұмысқа қабылдады

«Алимент қайда кетіп жатыр?»: Балаға төленетін ақшаға бақылау күшейеді