Светлана Анкичева Азия чемпионатының финалына шығу үшін бақ сынайды

Қазақстан құрамасының өкілі Светлана Анкичева әйелдер күресінен Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты.

СДД

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық балуан ширек финалда Тайбэйлік И Линьді сенімді түрде жеңді.

Айта кетейік, Зүлфия Яхьярова (55 келі), Гүлдана Бекеш (59 келі), Ирина Казюлина (68 келі) және Эльмира Сыздықова (76 келі) ширек финалдық кездесулерінде жеңіліс тапты.

Енді бұл спортшылар жартылай финал жекпе-жектерінің нәтижелерін күтеді. Егер қарсыластары финалға шықса, қазақстандықтар жұбаныш кезеңінде қола медаль үшін күресе алады.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты