Сұрамаса да жібереміз – Қырғызстан Қазақстанға су тасқынына байланысты гуманитарлық көмек жібереді

Қырғызстан министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров Қырғызстаннан Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберілетінін хабарлады. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қазақстан гуманитарлық көмек сұрамаған. Жапаров Бішкек жылу электр орталығында болған апаттан кейін Қазақстан Қырғызстанға көмек қолын созғанын алға тартты.

«Бішкек ЖЭО-да апат болған кезде біз сұрамасақ та көрші елдер гуманитарлық көмек жіберді. Олар бізден көмек сұрамаса да, бұл жағдайда біз де оларға гуманитарлық көмек жібереміз деп шештік. Мен осы сәтті пайдаланып Өзбекстанға, Түркіменстанға және Қазақстанға алғысымды білдіргім келеді. Президенттің көрші елдермен жүргізіп отырған достастық саясатының нәтижесінде олар біз сұрамай тұрып-ақ көмек қолын созды», – деді Ақылбек Жапаров.

Қазіргі уақытта Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі елде өндірілген өнімдерден гуманитарлық жүк әзірлеп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті