Сұлтан Зәуірбек Лондондағы бокс кешінде қарсыласын нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек (12-0, 8 КО) Лондондағы York Hall-да өткен бокс кешінде «Питбуль» деген лақап атпен белгілі аргентиналық Николас Ботеллиді (11-6, 6 КО) жеңді, деп хабарлайды

sports.kz.

Алматы, NEGE. Сұлтанның екінші жартылай жеңіл салмақта WBO European чемпионы болғанына қарамастан ол Ботеллимен атаққа таласқан жоқ. Жекпе-жек 10 раундқа есептелген болатын. Қазақстандық қарсыласын 5-раундта нокаутқа түсірді. Бұл ретте үшінші раундта төрешінің Сұлтанға нокдаун жариялағанын айта кету керек.

Осылайша Сұлтан Зәуірбек кәсіби бокстағы карьерасында 13-ші рет жеңіске жетті. Ал Николас Ботелли 7-ші рет жеңілді. Сұлтан алдымен мальтиялық Хайтем Ламузбен (17-1, 7 КО) жұдырықтасуы керек еді. Алайда ол жарақатына байланысты жекпе-жек алдында жарысқа қатыса алмайтынын мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды