Сұлтан Зауырбек 10 шілдеде рингке шығады

10 шілдеде Алматы қаласында үлкен бокс кеші өтіп, соның аясында рингке бұрын еш жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек шығады, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

Алматы, NEGE. Отандық боксшының қарсыласы Ұлыбритания өкілі Ронни Кларк (21-4, 10 КО) болмақ. BoxRec.com мәліметінше, кездесу жеңімпазына WBO нұсқасы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақта Еуропа чемпионының титулы беріледі. Жекпе- жек он раундтан тұрады.

Сұлтан Зауырбектің соңғы айқасы өткен жылдың соңында Алматыда өткен. Онда төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Украина файтері Владислав Мельникті (12-3, 7 КО) жеңді.

Атап өтейік, бұған дейін қазақстандық боксшы жастар арасында WBC нұсқасы бойынша осы салмақ дәрежесінде әлем чемпионы титулына ие болған.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды